«Тобылдың» жаңа басшысы құрам мен бюджетке қатысты жоспарларын жариялады

Автор
Fonteam редактор
Автор
15.09.26, 04:00
Клуб күні кеше жекешелендіру процесінен өткен болатын.
«Тобылдың» жаңа басшысы құрам мен бюджетке қатысты жоспарларын жариялады
Сурет: ашық дереккөздерден

Olzha Agro бас директоры Алишер Ходжаназаров ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Тобылға» салынатын қаржылай инвестициялар мен клубтағы өзгерістер туралы айтып берді.

– Сіз Integra Construction сияқты қалталы бай емес екендеріңізді мойындадыңыз, бірақ «Тобылға» айтарлықтай инвестиция салуды жоспарлап отырсыздар ма? Оның құрамы, шартты түрде, ҚПЛ-дағы ең қымбат құрам болады деп күтуге бола ма?

– Қателеспесем, бүгінгі таңда клуб онсыз да ең қымбат құрамға ие («Астана» мен «Ордабасыдан» кейінгі үшінші орын – ескертпе). Бірақ, егер біз әлемнің озық лигаларына қарайтын болсақ, ақшаның барлық нәрсені шешпейтінін көреміз. Барлық жердегідей, ол – маңызды бөлік, алайда кез келген кәсіпке келіп, бәрін ақшамен жауып тастап, бірден жетістікке жету мүмкін емес.

Бірінші кезекте, бұл – іске деген үлкен құштарлық: ынта, жанашырлық, командаға деген махаббат. Қалғаны жұмыс барысында табылады. Дабыралы мәлімдемелер жасағым келмейді, өйткені бұл біз үшін пиар емес. «Біз 20, 30 миллиард салуға дайынбыз» деп айтуға болады. Оны ертең кім тексереді? Бұл – клубтың ішкі мәселелері. Бірақ, қайталап айтамын, бұл пиар емес, жауапкершілік.

Негізі, келіссөздер неліктен сонша ұзаққа созылды? Өйткені біз бәрін түсінеміз. Егер «Тобыл» жеңіле бастаса, айыптың бәрі бізге қарай келеді. Чемпионаттағы басқа клубтардың миллиардтаған бюджеттерімен бәсекелестікті қабылдай отырып, біз осында «кіріп» жатырмыз. Біздің кепілдік бере алатынымыз – міндетті түрде тісімізді көрсетеміз. Бұл сөзсіз.

«Ақшаны оңды-солды шашпау керек»

Біз инвестиция салмаймыз деп тұрған жоқпын. Тек мұны дұрыс жасау маңызды. Қазір бізді трансферлік терезе күтіп тұр және құрамды сақтап қалу мен күшейту бойынша үлкен міндеттер бар. Нарықта жабайы бәсекелестік басталған кезде жеңілуге болмайды. Бар күш-жігерімізді саламыз.

Ақыр соңында, №1 мәселе – ойыншыларға жасалатын жағдай. Бұл біздің басымдығымыз. Ал жай ғана ақшаны шашып, бәрін қаржымен басып тастау – әдіс емес. «Манчестер Сити», «Реал», «Пари Сен-Жермен» неше жыл бойы осылай жасауға тырысты? Бұл жүздеген миллиардтармен қысым жасаған атышулы клубтар, бірақ олардың қолынан келе бермеді. Әрқашан нақты әрі нүктелі инвестиция салған, үйлесімді команда жеңіске жететін. Біз осы модельді ұстанатын боламыз.

Команданы бір ғана маусыммен бағалау дұрыс емес. Футболда алдыңғы басшылықтың немесе бапкердің жемісін келесісі көретін жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан клубтың екі, үш немесе төрт жылдық қашықтықта өзін қалай ұстайтынына қараған орынды болады. Тенденциялар бірде жоғарылайды, бірде төмендейді. Біздің міндетіміз – күннен-күнге мықтырақ болу трендін қалыптастыру.

– Премьер-лигадағы соңғы екі маусым ребрендингпен ерекшеленді – бірден бес клуб басқа бағытты көрсететін айдентикаға көшті. Мүмкін, сіздерде де эмблеманы жаңарту туралы ойлар болған шығар, өйткені қазіргісі жанкүйерлердің көңілінен шыққан жоқ қой?

– Болады. Бұл мәселе емес. Бұл маңызды емес, екінші дәрежелі мәселе болып көрінуі мүмкін. Дәл бүгін Айдос Ақаділұлымен бізге Франция құрамасындағыдай әр ойыншыға арнап ұйқас құрылатын жаңа ән жазу керек екенін сөйлестім («Ramenez la coupe à la maison» – ескертпе). Бұл гол соғатын футболшы үшін керемет мотивация болар еді. Жалпы алғанда, түрлі ерекшеліктер мен креатив туралы сөз қозғадық.

Ал қазіргі эмблемаға келетін болсақ, мүмкін, ол біреу үшін жүрегіне өте жақын шығар, сондықтан өзгерістерді қаламайтын да болар. Біз бұны талқылаймыз.

Еске сала кетейік, қазақстандық ірі агроөнеркәсіптік холдинг Olzha Agro «Тобылдың» жаңа құрылтайшысы атанды. Тікелей директор Әлішер Қожаназаров клубты президент Айдос Дүйсенбиевпен бірлесе отырып басқарады.

Айта кетейік, 25 ойыннан кейін қостанайлық команда ҚПЛ турнирлік кестесінде жетінші орында тұр. Жыл басында ұжым Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған болатын.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

15.09.26, 04:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
57
2
Ордабасы
55
3
Астана
45
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
38
6
Елімай
32
7
Тобыл
34
8
Ұлытау
31
9
Жеңіс
29
10
Каспий Ақтау
26
11
Атырау
23
12
Қызылжар
23
13
Алтай
22
14
Жетісу
22
15
Ертіс
20
16
Қайсар
20