«Челси» Дастан Сәтпаевтың оңалту процесін өз бақылауына алды

Автор
Fonteam редактор
Автор
12.09.26, 07:40
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев жарақатынан айығу үшін Лондондағы «Челсидің» базасында оңалтудан өтеді. Бұл туралы британдық Standard басылымы хабарлады.
«Челси» Дастан Сәтпаевтың оңалту процесін өз бақылауына алды
Дастан Сәтпаев. Фото: "Бернли" ФК

18 жастағы футболшы Чемпионшиптегі «Бернли» мен «Мидлсбро» арасындағы кездесуде санның артқы бұлшықетінен жарақат алған болатын. Сәтпаев сол матчты негізгі құрамда бастап, 81 минут алаңда өнер көрсеткеннен кейін ауыстырылды.

«Бернли» бас бапкері Ники Хайен ойыншының бірнеше апта бойы командаға көмектесе алмайтынын айтқан еді.

Сәтпаевты «Челсидің» дәрігерлері бақылауда ұстайды

Standard мәліметінше, Сәтпаевтың қалпына келу барысын оның негізгі клубы «Челси» бақылауына алған. Қазақстандық футболшы Лондон командасының Кобхэмдегі жаттығу базасында медициналық тексеруден өткен.

«Челсидің» медициналық штабы шабуылшының жарақатынан толық жазылып, футболға қауіпсіз түрде оралуын қамтамасыз етуді көздеп отыр. Бұл шешімді «Бернли» клубы да қолдаған.

Осыған байланысты Сәтпаевтың жалға алу келісіміне өзгеріс енгізілмейді. Оңалту аяқталған соң футболшы «Бернлидің» қарамағына қайта қосылады.

«Челси» Сәтпаевтың Чемпионшиптегі тәжірибесін жалғастырмақ

Лондондық клуб қазақстандық футболшының осы маусымда ересектер арасындағы футболда барынша көп тәжірибе жинағанын қалайды. Сондықтан Сәтпаевтың жарақаттан кейінгі оңалтуына ерекше көңіл бөлініп отыр.

Британдық басылымның жазуынша, шабуылшы халықаралық үзілістен кейін алаңға оралуы мүмкін.

Еске салайық, Сәтпаев 2026 жылдың жазында «Челсиге» ресми түрде қосылған еді. Кейін лондондық клуб футболшыны бір маусымға «Бернлиге» жалға берді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

12.09.26, 07:40

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
61
2
Қайрат
57
3
Астана
48
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
41
6
Елімай
38
7
Тобыл
34
8
Жеңіс
32
9
Ұлытау
31
10
Каспий Ақтау
26
11
Алтай
25
12
Ертіс
23
13
Атырау
23
14
Қайсар
23
15
Қызылжар
23
16
Жетісу
22