Дастан ағылшын тілінде өте жақсы сөйлейді: британдық блогер

Автор
Fonteam редактор
Автор
11.09.26, 11:39
Маманның айтуынша, қазақстандық шабуылшы ағылшын тілін жіті меңгерген.
Дастан ағылшын тілінде өте жақсы сөйлейді: британдық блогер
Дастан Сәтпаев. Фото: "Бернли" ФК

Skyeng ағылшын тілі онлайн-мектебінің блогері әрі оқытушысы Джордан Уорсли ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Бернлидің» шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың ағылшын тілін меңгеру деңгейіне баға берді.

«Сәтпаевтың ағылшын тілін оқып жүргенне небәрі бірнеше ай болғанын ескерсек, ол тілді тамаша деңгейде меңгерген. Айтар ойы анық түсінікті. Командалас серіктерін тыңдап, тілдік ортаға көбірек сіңісетін болса, алдағы уақытта артикльдерді дұрыс қолдануды, етістіктерді түрлендіруді әрі қарай меңгеріп, сөз қорын тағы да кеңейте түсетініне сенімдімін.

Қалай болғанда да, Дастанның қазірдің өзінде камера алдына отырып, сұрақтарды түсініп қана қоймай, оларға сауатты түрде жауап бере алуының өзі үлкен құрметке лайық. Сәттілік тілеймін», – деді Уорсли.

Сонымен қатар, «Болтонның» жанкүйері «Бернли» форвадына тікелей үндеу жасады:

«Алдағы айларда ағылшын тіліңіз бұдан да сенімді бола түсетініне сенімдімін. Бұл шынымен де құрметке лайық. Клубтағы мансабыңызға сәттілік тілеймін, және сіздің менің «Болтоныммен» кездесетін сәтіңізді асыға күтемін. Come on you whites (клубтың әні/ұраны – ескертпе)!», – деп қосты ол.

Еске сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Англияға осы жазда келген болатын. 18 жастағы «Челси» футболшысы алдағы маусымды Чемпионшип кестесінде 23-орында келе жатқан «Бернли» сапында жалдамалы негізде өткізеді.

Джордан Уорсли – қаралым саны 840 миллионнан асатын танымал ресейлік Skyeng YouTube-арнасының оқытушысы әрі жүргізушісі.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

11.09.26, 11:39

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Қайрат
57
2
Ордабасы
55
3
Астана
45
4
Оқжетпес
42
5
Ақтөбе
38
6
Елімай
32
7
Тобыл
34
8
Ұлытау
31
9
Жеңіс
29
10
Каспий Ақтау
26
11
Атырау
23
12
Қызылжар
23
13
Алтай
22
14
Жетісу
22
15
Ертіс
20
16
Қайсар
20