Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Келісілген ойын ба? Блогер «Ордабасы» - «Астана» матчы жайлы күмән білдірді

ҚПЛ-дың 26-турындағы ең басты матч – шымкенттік «Ордабасы» мен елордалық «Астана» арасындағы кездесу басталмай жатып үлкен жанжалға ұласты.

Fonteam редактор
Автор ·
3 минут оқу
Келісілген ойын ба? Блогер «Ордабасы» - «Астана» матчы жайлы күмән білдірді
Сурет: ашық дереккөздерден

Белгілі спорт блогері Рымбек Ізғали елордалық клубтың бұл ойынға қосалқы құраммен баратынын мәлімдеп, күмәнді сәйкестіктерге назар аударды.

Бұған дейін «Астана» футболшылары жалақының кешіктірілуіне байланысты Шымкентке барудан бас тартуы мүмкін екені хабарланған болатын. Алайда блогердің пікірінше, негізгі құрамның алаңға шықпауы қаржылық дағдарыспен емес, командалар арасындағы ескі «дәстүрмен» байланысты болуы мүмкін.

«Астана» Шымкентке дубльмен бармақшы екен. Көп жанкүйер «сатылған» ойын деп жатыр. Және дұрыс ойлайды. Өйткені біз мұндай «ғажайып» оқиғалардың куәсі болғанбыз», – деп жазды Ізғали өз парақшасында.

Өз сөзіне дәлел ретінде автор соңғы екі жылдағы клубтар арасындағы күмәнді матчтардың хронологиясын келтірді:

  • 2022 жылғы алмасу: Блогердің айтуынша, сол жылы «Ордабасы» негізгі ойыншыларын шығармай, «Астанадан» 0:6 есебімен ұтыла салған. Есесіне, келесі кубоктық матчта елордалықтар дубль шығарып, шымкенттіктер финалға жолдама алған. Ал одан кейін «Ордабасы» «Ақтөбеге» қарсы барлық мықтыларын алаңға шығарып, екі пенальти теуіп, ұпай тартып алған.
  • 2023 жылғы сценарий: Ізғали үш жыл бұрын да ұқсас жағдай қайталанғанын алға тартады. Оның айтуынша, Бауыржан Исламханның «ауырып», ал Сергей Малыйдың «шаршап қалуына» байланысты «Ордабасы» тағы да қосалқы құраммен ойнап, тіпті өз қақпасына гол соғып, жеңіліс тапқан. Бірақ «Ақтөбеге» қарсы матчта қайтадан оңтайлы құраммен шыққан.

Блогер бұл жолғы жағдайдың да кездейсоқ еместігіне сенімді.

«Ордабасымен матчтан кейін «Астана» «Қайратты» қабылдайды. Сәйкестік пе? Әрине жоқ», – деп қорытындылады автор.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта «Ордабасы» (55 ұпай) көш бастап тұрса, «Қайрат» (54 ұпай) екінші, ал «Астана» (45 ұпай) үшінші орында келеді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz