Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

"Ақтөбенің" бас бапкері әйелдер лигасындағы клубтарды сынады

Әйелдер лигасының 17-тур аясында "Астанаға" қарсы өткен матчтан кейін Александр Семенов ойын барысына тоқталып, қарсыластардың "Ақтөбеге" қарсы ерекше дайындықпен шығатынын айтты.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
"Ақтөбенің" бас бапкері әйелдер лигасындағы клубтарды сынады
Сурет: ашық дереккөздерден

25 тамызда өткен кездесу ақтөбеліктердің ірі есептегі жеңісімен аяқталды. 

"Барлық команда бізге қарсы барын салып күреседі, ал бір-бірімен ойнағанда өзара келіседі. Бәрі бізге қарсы ойында үнемі соңына дейін күреседі. Бірінші таймда алаңға, оның ерекшелігіне үйрендік. Мұндай жағдайда ойнау оңай емес, сондықтан бейімделуге тура келді. Екінші таймда жағдайға бейімделіп, гол соқтық", — деді Семенов.

Бапкер өз командасының бірінші таймдағы ойынына да көңілі толмағанын жасырмады.

"Жеңетінімізді білдік, бірақ ойын сапасы жақсы болмады, кемшіліктер болды. Бұған өзіміз кінәліміз. Допты бақылап, комбинациялық футбол ойнаудың орнына түсініксіз пастар мен алысқа бағытталған доптарға көшіп кеттік. Алайда, екінші таймда есімізді жиып, жеңіске жеттік"

17 матч бойы жеңіліссіз серия

"Астанаға" қарсы ойында Морган Томас Рис 4, 28, 49, 55 және 93-минуттарда гол соғып, пента-трик авторы атанды. Сонымен қатар Аида Гайстенова мен Анжелика Кеона Айкидадан бір-бір голдан тіркелді.

17 турдан кейін "Ақтөбе" әйелдер чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Команда кездесулердің барлығында жеңіске жетіп, 51 ұпай жинаған. Екінші орында 37 ұпаймен "Жеңіс" тұрса, үздік үштікті 35 ұпаймен "Қызылжар" түйіндейді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz