Сәтпаев дебют жасауы мүмкін: «Бернлидің» «Вест Бромвичке» қарсы матчы алдында не белгілі?

Автор
Fonteam редактор
Автор
23.08.26, 06:00
Бүгін, 23 тамыз күні ағылшындық «Бернли» Чемпионшиптің екінші турында сырт алаңда «Вест Бромвич Альбионға» қарсы ойын өткізеді.
Сәтпаев дебют жасауы мүмкін: «Бернлидің» «Вест Бромвичке» қарсы матчы алдында не белгілі?
Дастан Сәтпаев. Фото: "Бернли" ФК

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев бұл кездесуде жаңа клубы сапында ресми дебютін жасауы мүмкін.

Ойын «Вест Бромвичтің» «Хоторнс» стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады.

Құрамдағы жаңалықтар мен Сәтпаевтың мүмкіндігі

Жергілікті басылым ұсынған болжамды құрамда 18 жастағы Сәтпаев алғашқы минуттардан шықпайды деп күтілуде, алайда оның ойын барысында қосалқы құрамнан алаңға шығу мүмкіндігі жоғары.

Сондай-ақ «Бернли» сапына жарақатынан айыққан Коннор Робертс қайта оралды. Ал Джордан Бейер, Джош Каллен, Энок Агьеи, Жайдон Банел және Эшли Барнс жарақаттарына байланысты бұл кездесуге қатыса алмайды.

«Бернлидің» болжамды бастапқы құрамы: Вейсс – Уокер, Ахмедходжич, Аллейн, Хамфриз – Рагубер, Ханнибал, Рамзи, Эдвардс – Бруун Ларсен, Флемминг.

Бас бапкер Ники Хайеннің сөзі

Матч алдында «Бернлидің» бельгиялық бас бапкері Ники Хайен қарсыластың қауіпті екенін айтып, командасының өз ойынына назар аударуы маңызды екенін атап өтті.

«Қарсыласымыз сырт алаңдағы алғашқы кездесуде 3 ұпай еншілеп қайтты және қазір өз жанкүйерлері алдындағы алғашқы ойынын өткізеді. Сондықтан олардың жігері өте жоғары болатыны түсінікті. «Вест Бромвич» – өте ұйымшыл әрі мықты ұжым, матчтың оңай болмайтынын білеміз. Бірақ біз, ең алдымен, өз ойынымызға және «Вест Хэмге» қарсы матчтағы қателіктерді түзетуге көңіл бөлуіміз керек», – деді Хайен.

Дастан Сәтпаев лондондық «Челсиден» «Бернлиге» 2026/27 маусымының соңына дейін кейіннен сатып алу құқығынсыз жалға ауысты.

«Бернли» Чемпионшиптің бірінші турында өз алаңында «Вест Хэммен» 2:2 есебімен тең түсті. Ол кезде «бордолар» екі доп айырмасымен ұтылып жатып, Зиан Флеммингтің соңғы 10 минутта соққан дублінің арқасында таразы басын теңестірген еді.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

23.08.26, 06:00

Оқылып жатыр

Қазақстан футболы
23.08.26, 13:03
Дастан Сәтпаев Чемпионшипте дебют жасады
Қазақстан футболы
23.08.26, 11:00
ҚПЛ клубы жаңа басшы тапты

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
52
2
Қайрат
48
3
Астана
39
4
Оқжетпес
36
5
Ақтөбе
35
6
Елімай
32
7
Ұлытау
28
8
Жеңіс
26
9
Тобыл
25
10
Каспий Ақтау
23
11
Қызылжар
23
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Алтай
19
15
Жетісу
19
16
Ертіс
17