Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Ғажайып трансфер»: әйгілі британдық сарапшы Сәтпаевтың «Бернлиге» ауысуын бағалады

Автор
Fonteam редактор
Автор
23.08.26, 10:00
Қазақстандық жас шабуылшы осы маусымды Чемпионшипте өткізеді.
«Ғажайып трансфер»: әйгілі британдық сарапшы Сәтпаевтың «Бернлиге» ауысуын бағалады
Дастан Сәтпаев. Фото: "Бернли" ФК

Blues Fan TV тәуелсіз жанкүйерлер медиа-платформасының ауторы әрі жүргізушісі Харши ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Челсидің» қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевты «Бернлиге» жалға жіберу шешіміне қатысты пікір білдірді.

«Бұл – ғажайып трансфер. «Челси» оны сапына қосқанда қатты таңғалдым әрі сүйсіндім. Өте жас, шапшаң әрі шеберлігі жоғары жігіт. Оның дриблингі мен қарсыласын айналып өту қабілеті таңғажайып. Біз оны маусымашар дайындықта көрдік. Ол маусымалды дайындық барысында біздің алғашқы голымызды соқты, бұл өте жағымды болды.

Жанкүйерлер оған толық сенім артады. Ол маусымашар жиынды өте жақсы өткізді. «Челси» үшін оны «Бернлиге» жалға жіберу – оның дамуы үшін ең дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Жақсы маусым өткізіп, апта сайын алаңға шығып, өзін шыңдауға мүмкіндік алды. Бәлкім, келесі маусымда ол «Челсиге» дайын болып оралар, кім білсін», – деді Харши.

18 жастағы қазақстандық форвард лондондық клубпен 2033 жылға дейін келісімшартқа отырып, 2026/27 маусымын тұрақты ойын тәжірибесін жинау үшін Чемпионшиптегі «Бернли» сапында жалға алу негізінде өткізеді. Сәтпаев клуб сапындағы дебютін 23 тамыз күні чемпионаттың екінші туры аясында өтетін «Вест Бромвичке» қарсы ойында өткізуі мүмкін

Харши – «Челси» клубының ойындарына реакциялар, ойыншыларды бағалау және тактикалық талдаулар жасайтын Blues Fan TV тәуелсіз фан-медиа платформасының танымал сарапшысы әрі жүргізушісі.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)