Маманның айтуынша, бельгиялық клубтың құрамы мықты әрі өзіндік ойын мәнері қалыптасқан. Уразбахтин «Андерлехттің» ойын стилі жағынан «Левскиге» қарағанда «Омонияға» көбірек ұқсайтынын атап өтті.
«Андерлехт» - атақты клуб әрі жақсы команда. Құрамында жас футболшылар көп, бапкері де танымал. Алдыңғы матч туралы айтсақ, ПАОК келесі кезеңге өте алатын еді, грек командасының басымдығы айқын болды. «Левскимен» салыстырсақ, бұлар мүлде бөлек командалар. Бельгиялықтар «Омонияға» көбірек ұқсайды: ойын мәнері өзгеше, допты көбірек бақылауға тырысады және өз стилін ұстанады», - деді Уразбахтин.
Сондай-ақ «Қайрат» бапкері журналистер тарапынан айтылып жүрген сынға тоқталды. Ол команда өзінің басшылығымен қол жеткізген нәтижелерді еске салып, алматылықтарды сынайтындарға қатаң жауап берді.
«Журналистердің сыны ма? Мен жұмыс істеген уақытта біз екі рет чемпион атандық, Чемпиондар лигасына шықтық, ал қазір кем дегенде Конференциялар лигасына қатысуға кепілдік алдық. Сондықтан бізді сынап жүрген псевдожурналистерге айтарым: ит үреді, керуен көшеді», - деді маман.
Сонымен қатар Уразбахтин қорғаушы Александр Мартыновичтің жағдайына қатысты пікір білдірді. Футболшы «Андерлехтке» қарсы алғашқы кездесуде «Қайратқа» көмектесе алмайды. Алайда бапкер оның қарымта матчқа дейін қатарға қосылатынына сенім білдірді.
Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайрат» пен «Андерлехт» арасындағы алғашқы матч 20 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Қарымта кездесу 27 тамызда Брюссельде болады.
Бұған дейін Уразбахтин Канье Уэст концертінен кейінгі Орталық стадион алаңының жағдайы туралы да пікір білдірген еді. Бапкердің айтуынша, қорғаныш төсенішінің астындағы жоғары температура салдарынан көгал кей жерлерде сарғайып, күйіп кеткенімен, жалпы жағдайы қалыпты.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.