Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Ордабасының» экс-легионері ҚПЛ-дың басты мәселесін атады

Автор
Fonteam редактор
Автор
18.08.26, 14:00
Оның айтуынша, басты мәселе еліміздің инфрақұрылымында.
«Ордабасының» экс-легионері ҚПЛ-дың басты мәселесін атады
Сурет: ашық дереккөздерден

«Ордабасы» мен Украина құрамасының бұрынғы қорғаушысы Игорь Пластун ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ҚПЛ-ға әлемдік аренада табысқа жету үшін не жетіспейтінін айтты.

«Мен ҚПЛ-ды әр тур сайын бақылап отырамын. «Ордабасының» алаңда да, алаңнан тыс жерде де даму үстінде екеніне өте қуаныштымын. Оларға Кубокта және «Қайратпен» тартыс жүріп жатқан чемпионатта табыс тілеймін. Еліңізде мұндай командалардың көбейгенін қалаймын. Бәсекелестік деңгейі неғұрлым жоғары болса, шетелдік футболшылар жергілікті клубтарға соғұрлым ынтамен келеді. Ал екіншісі – инфрақұрылым мәселесі, бұл туралы маған сұрақ қоятын еуропалықтарға ашық әрі шынымды айтамын. Егер лига өскісі келсе, осы бағытта жұмыс істеу керек», – деді Пластун.

Игорь Пластун «Ордабасыға» 2024 жылы болгариялық «Лудогорецтен» ауысқан болатын. Орталық қорғаушы шымкенттік клуб сапында 34 матч өткізіп, үш гол соқты.

Бүгінгі таңда 35 жастағы украиналық футболшы бельгиялық «Эйпенде» өнер көрсетеді. Бұған дейін ол «Гент» сапында да ойнап, танымал Джонатан Дэвид және Александер Сёрлотпен бірге алаңға шыққан.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)