Қызылордадағы кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталды.
«Ақтөбе» 11-минутта есепте артта қалды. Виктор Мозес алыстан дәл соққы жасап, алаң иелерін алға шығарды. Қызыл-ақтар екінші таймда ойын барысын өзгерте алды. 77-минутта Даниэл Соса таразы басын теңестірсе, қосымша уақытта тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды және командасына үш ұпай сыйлады.
Кездесуден кейін Черевченко жанкүйерлерге алғысын айтып, 0:1 есебінен кейін берілмеген футболшыларының мінезін ерекше атап өтті.
«Екі команданы да қолдауға келген жанкүйерлерге рақмет. Ауа райы да жақсы болды. Ойын барлығына ұнады деп ойлаймын, әсіресе екінші тайм. Екі жақ та өткір ойнады. Жалғыз мәселе - біз әр ойында ерте гол жіберіп аламыз. Бұған дейін де солай болған. Бұл жағдайдан шығудың жолын табуымыз керек. Ал жалпы жігіттерге ризамын. 0:1-ден кейін қолдарын да, аяқтарын да, бастарын да түсірген жоқ. Соның арқасында командамыз үшін маңызды жеңіске қол жеткіздік», - деді Черевченко.
Маман Иван Ордецтің жағдайына да тоқталды. Бапкердің сөзінше, қорғаушының жарақаты айтарлықтай болуы мүмкін және ол шамамен бір айға қатардан шығып қалуы ықтимал.
«Менің ойымша, жарақаты әлі де бар. Иван Ордец - біздің команда үшін өте маңызды ойыншы. Оның үстіне, алаң жасанды. Өзім де футбол ойнадым, сондықтан жарақатын асқындырып алса не болатынын білемін. Оның жарақаты қандай? Меніңше, бір айға дейін созылуы мүмкін. Ол құрамнан шығып қалуы ықтимал, ал бұл бізге тиімсіз. Тағы да айтамын, ол - біздің команда үшін өте маңызды ойыншы», - деп қосты маман.
Осы жеңістен кейін «Ақтөбенің» еншісінде 35 ұпай болды. 22 турдан соң қызыл-ақтар Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.