Ресми: Дастан Сәтпаев «Челсиден» «Бернлиге» ауысты

Автор
Fonteam редактор
Автор
15.08.26, 06:00
«Бернли» Дастан Сәтпаевты команданың жаңа ойыншысы ретінде ресми түрде таныстырды. 18 жастағы қазақстандық шабуылшы «Челсиден» маусым соңына дейін жалға ауысты.
Ресми: Дастан Сәтпаев «Челсиден» «Бернлиге» ауысты
Дастан Сәтпаев. Фото: "Бернли" ФК

Осылайша, Сәтпаев Англия футболына бейімделуін Чемпионшипте жалғастырады. Бұл қадам жас шабуылшыға ересектер деңгейінде тұрақты ойын тәжірибесін жинауға мүмкіндік бермек.

Қазақстандық футболшының «Бернлиге» ауысатыны бір күн бұрын белгілі болған еді. Британдық БАҚ Сәтпаевтың медициналық тексерістен өтіп, келісімді аяқтау үшін жаңа клубының орналасқан жеріне келгенін хабарлады.

Кейін бұл ақпаратты танымал футбол инсайдері Фабрицио Романо да растады. Ол тараптардың келісімге келгенін өзінің әйгілі Here we go тіркесімен жариялады. Бір қызығы, Романо Дастанның трансфері туралы жазбасына Kazakhstan композициясын қосты.

Енді барлық қажетті рәсімдер аяқталып, «Бернли» қазақстандық жаңа ойыншысын ресми түрде таныстырды.

Сәтпаев үшін жалға ауысу «Челсиге» толыққанды қосылғаннан кейінгі мансабының келесі кезеңі болмақ. 2025 жылы лондондық клуб «Қайрат» түлегінің трансфері жөнінде келісімге келген еді. Алайда Дастан Англияға кәмелет жасына толғаннан кейін ғана ауыса алды.

18 жасқа толған соң шабуылшы «Челсимен» жеті жылдық келісімшартқа қол қойды. Келісімді тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған. Осыдан кейін Сәтпаев лондондықтардың негізгі командасына қосылды.

Қазақстандық футболшы «Челсимен» бірге маусым алдындағы дайындықтан өтіп, бірнеше жолдастық кездесуде ойын уақытын алды. Сәтпаев лондондық клуб сапындағы алғашқы голын да соғып үлгерді. Ол «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы кездесудің жетінші минутында мергендігімен көзге түсті.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

15.08.26, 06:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
49
2
Қайрат
45
3
Астана
38
4
Оқжетпес
33
5
Ақтөбе
32
6
Елімай
31
7
Ұлытау
28
8
Қызылжар
23
9
Жеңіс
23
10
Каспий Ақтау
22
11
Тобыл
22
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Жетісу
19
15
Ертіс
17
16
Алтай
17