Жақын матчтар
Махачев – Гэрри: UFC турнирін тегін тікелей эфирде қайдан көруге болады?
16 тамызда АҚШ-тың Филадельфия қаласында UFC 330 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін ресейлік Ислам Махачев пен ирландиялық Иэн Мачадо Гэрри октагонға шығады.
Турнир жексенбі күні Қазақстан уақытымен сағат 2:30-да басталады. Ал Махачев пен Гэрридің октагонға шамамен 7:30-дан кейін шығуы күтіледі.
UFC 330 турниріндегі барлық жекпе-жектің трансляциясы
Қос қарсыластың да кәсіби мансабында небәрі бір-бірден жеңілісі бар. Гэрри 2024 жылдың желтоқсанында қазақстандық Шавкат Рахмоновтан жеңілген. Содан бері Рахмонов жарақатына байланысты UFC-де жекпе-жек өткізген жоқ.
Ал Махачев кәсіби мансабындағы жалғыз жеңілісін сонау 2015 жылы Адриан Мартинстен алған болатын. Одан кейін ресейлік қатарынан 16 жеңіске жетті.
Айта кетейік, Ислам Махачевтің командасында UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов бар. Ал оның бұрынғы қарсыласы Конор Макгрегор чемпиондық белбеуді Гэрри иеленеді деп мәлімдеді.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.