Моуринью маусым алдында «Реалдың» басты мәселесін атады

Автор
Fonteam редактор
Автор
13.08.26, 10:00
Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Жозе Моуринью командасының «Депортивоға» қарсы жолдастық кездесудегі 1:0 есебімен аяқталған жеңісіне пікір білдірді.
Моуринью маусым алдында «Реалдың» басты мәселесін атады
Сурет: ашық дереккөздерден

Бұл матч мадридтіктер үшін жаңа маусым алдындағы кезекті сынақтың бірі болды. Ла Лигаға қайта оралған «Депортиво» азулы қарсыласқа лайықты қарсылық көрсетті. Дегенмен «Реалға» жеңіске жету үшін бір гол жеткілікті болды.

Ойыннан кейін Моуринью бұл кездесуде нәтиже ғана емес, футболшылардың дайындығын тексеру де маңызды болғанын айтты. Португалиялық маман құрамды жиі өзгертіп, бірнеше тактикалық нұсқаны байқап көрген.

«Бұл Ла Лигаға қайта оралған мықты командаға қарсы өткен маңызды матч болды. Қарсылас бар күшін салды және бізді де жоғары қарқында ойнауға мәжбүр етті. Бір футболшыларға шамадан тыс салмақ түсіргім келмегендіктен, бірнеше ауысым жасауға тура келді. Әрине, алаңға жеңіс үшін шықтық. Бірақ дәл қазір ойыншыларға тәжірибе беріп, әртүрлі тактикалық жүйелерді тексеру де маңызды», - деді Моуринью.

«Реалдың» бас бапкері Испания чемпионатында, әсіресе сырт алаңдағы кездесулерде, осындай күрделі ойындар аз болмайтынын атап өтті.

«Ла Лигада мұндай матчтар көп болады. Кейде ойының ойдағыдай жүрмеуі мүмкін, бірақ сондай сәттердің өзінде жеңіске жетудің жолын табу қажет. Бүгінгідей 1:0 болса да, үш ұпай маңызды. Жақсы тұстарымыз көп болды. Команда біртіндеп өсіп келеді, біз де қадам сайын алға жылжып жатырмыз», - деді португалиялық маман.

Испания чемпионатының 2026/27 жылғы маусымы 15 тамызда басталады.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

13.08.26, 10:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
49
2
Қайрат
45
3
Астана
38
4
Оқжетпес
33
5
Ақтөбе
32
6
Елімай
31
7
Ұлытау
28
8
Қызылжар
23
9
Жеңіс
23
10
Каспий Ақтау
22
11
Тобыл
22
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Жетісу
19
15
Ертіс
17
16
Алтай
17