Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Партизанның» бас бапкері: «Тобылдың» осал тұстарын білеміз, соған байланысты қысым жасаймыз

Автор
Fonteam редактор
Автор
13.08.26, 09:00
«Партизан» клубының бас бапкері Саша Илич ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матч алдында «Тобылдың» осал тұстарын білетіндерін айтты.
«Партизанның» бас бапкері: «Тобылдың» осал тұстарын білеміз, соған байланысты қысым жасаймыз
Сурет: ашық дереккөздерден

Сербиялық команданың орташа жасы – 23 жас. Жүйкеге салмақ түспей ме?

«Командамыздың жас екені рас. Алайда өткен жылы да «Партизан» еурокубоктағы 5-6 матчта жеңіске жетті. Ертең «Тобыл» алғашқы минуттардан-ақ шабуылға шығатынын білеміз. Біз оған дайынбыз. Барлығы сәтті өтеді деп үміттенемін».

 

Белградтағы матчта «Партизан» қос қапталға басымдық беріп, тактика өз нәтижесін көрсетті. Бұл жолы не өзгереді?

«Әрине, біз әр матчты мұқият талдаймыз. Өзіміз жіберген қателіктер мен түзетуді қажет ететін тұстарды анықтаймыз. Сонымен қатар «Тобылдың» осал тұстарына қысым жасауға тырысамыз», – деді 48 жастағы маман.

Дастан Сәтпаевтың «Страсбурдағы» ықтимал бәсекелесі Милош Лукович туралы не айта аласыз? Ол қаншалықты мықты?

«Милошпен Сербияда жолымыз түйіспеді. Бірақ оның өте мықты, жас шабуылшы екенін білеміз. Оны жарқын болашақ күтіп тұр. Отандасымның мансабына сәттілік тілеймін».

Белградтағы матчта 3:0 есебімен ірі жеңіске жеткен «Партизан» Қостанайға фаворит ретінде келеді. Командалар арасындағы қарымта кездесу 13 тамызда өтеді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)