Челси» МЛС-тің вундеркиндіне көз тікті

Автор
Fonteam редактор
Автор
11.08.26, 11:32
Лондондық «Челси» 16 жастағы «Лос-Анджелес Гэлакси» жартылай қорғаушысы Висенте Гарсияға 3 миллион еуро жұмсауға дайын.
Челси» МЛС-тің вундеркиндіне көз тікті
Сурет: ашық дереккөздерден

The Athletic басылымының мәліметінше, клуб жас дарынмен келісімді аяқтауға жақын қалды. Тараптар трансфердің негізгі шарттарын келісіп қойған, енді Гарсия 2028 жылдың жазында, 18 жасқа толғанда, «Челси» қатарына қосылады.

Трансфер құны нәтижеге байланысты бонуссыз шамамен 3 миллион еуроны құрайды.

2025 жылдың қаңтарында Висенте Гарсия «Лос-Анджелес Гэлакси» клубымен алғашқы кәсіби келісімшартқа қол қойды. Ол кезде оның жасы небәрі 14 жас 198 күн болатын — бұл МЛС тарихында ересектер командасымен келісімшартқа отырған бесінші ең жас ойыншы. Жартылай қорғаушы АҚШ пен Мексика азаматтығына ие және екі елдің жасөспірімдер құрамаларына шақырту алған. 2026 жылдың тамызында алғаш рет «Лос-Анджелес Гэлакси» негізгі командасының МЛС-дегі «Далласқа» қарсы матчының құрамына енді.

Биылғы маусымда жартылай қорғаушы «Лос-Анджелес Гэлакси» фарм-клубы – «Вентура Каунти» сапында ойнауда. Ол 16 матч өткізіп, үш гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.

Айта кету керек, дәл осындай жолдан Дастан Сатпаев та өткен: маусым айында 17 жастағы футболшы алматылық «Қайратпен» ресми түрде қоштасып, Ұлыбритания астанасына аттанды және футболдағы мансабының жаңа кезеңін бастады.

Дастанның Лондон клубына ресми ауысуы оның 18 жасқа толғаннан кейін жүзеге асады. Перспективалы шабуылшының трансфері ағылшын Премьер-лигасының алыбына 2,4 миллион еуроға түсті.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

11.08.26, 11:32

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
49
2
Қайрат
45
3
Астана
38
4
Оқжетпес
33
5
Ақтөбе
32
6
Елімай
31
7
Ұлытау
28
8
Қызылжар
23
9
Жеңіс
23
10
Каспий Ақтау
22
11
Тобыл
22
12
Атырау
20
13
Қайсар
20
14
Жетісу
19
15
Ертіс
17
16
Алтай
17