Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, ағылшындық клуб уругвайлық футболшыны жалға алу туралы келісімге келді, ал каталондықтардың спорт директоры Деку бұл мәмілені мақұлдады.
Фабрицио Романоның айтуынша, ағылшындық клуб «Барселонаның» орталық қорғаушысын жалға алу жөнінде келісімге келген. Бұған дейін тараптар ауызша келісімге келген еді, енді трансферге каталондықтардың спорт директоры Деку ресми түрде рұқсат берді.
«Ливерпуль» қорғаныстағы кадрлық тапшылыққа тап болған сәтте жаңа қорғаушыға ие болады.
Инсайдердыңмсөзіне сүйенсек, бұл мәміле трансферлік нарықта күтпеген жаңалық болды.
«Ливерпуль» Рональд Араухоны «Барселонадан» жалға алу жөнінде келісті. Бұған дейін клубтар арасында ауызша келісім болған, енді трансферді «Барселонаның» спорт директоры Деку мақұлдады. «Ливерпульдің» жаңа орталық қорғаушысы – күтпеген бомба», – деп жазды Романо X әлеуметтік желісінде.
Енді клубтарға соңғы ресми рәсімдерді аяқтау ғана қалды.
Араухоның ауысуы «Ливерпульдің» қорғаныс шебіндегі күрделі жағдайға байланысты.
Ибраима Конате келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін клубтан кетті, ал Джованни Леони мен Коннор Брэдли жарақаттан соң қалпына келу кезеңінде.
Осы жағдайға байланысты клуб жетекшілері Андони Ираолеге тағы бір қорғаушы қажет деп шешті. Араухо командаға бірден қуат, тәжірибе және орталық қорғауда сенімділік қосатын ойыншы ретінде қарастырылады.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.