Жақын матчтар
Дастан Сәтпаев «Челсимен» бірге Джакартаға келді
Қазақстандық форвард Джакартаға өзінің командаласы, бразилиялық вингер Эстевао Виллианмен бірге ұшып келді. Футболшылардың жергілікті әуежайға келген сәті түсірілген кадрларды лондондық клубтың ресми фотографы жариялады.
«Челси» Азияда жаңа маусым басталғанға дейін бірқатар бақылау кездесулерін өткізіп, маусымалды оқу-жаттығу жиындарынан өтуде. Ертең, 8 тамызда Хаби Алонсоның шәкірттері италиялық «Миланға» қарсы жолдастық кездесу өткізеді.
Заңды түрде Сәтпаев лондондықтардың ойыншысы мәртебесін 12 тамызда – кәмелет жасына толған күні алады.
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.