Месси әлем чемпионатынан кейін алғаш рет дубль жасады

Автор
Fonteam редактор
Автор
06.08.26, 07:00
МЛС-тің кезекті ойынында аргентиналық шабуылшы голдарымен көзге түсті.
Месси әлем чемпионатынан кейін алғаш рет дубль жасады
Лионель Месси. Сурет: Getty Images

«Интер Майами» Лигалар кубогы аясында «Атлетико Сан-Луиспен» кездесіп, 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың басты кейіпкері Лионель Месси болды. Аргентиналық шабуылшы екі мәрте мергендік танытып, әлем чемпионатынан кейін клуб сапындағы алғашқы голдарын соқты. Сонымен қатар, ол бір нәтижелі паспен де көзге түсті.

Кездесу қонақтардың жылдам голымен басталды. Төртінші минутта Давид Родригес есеп ашқанымен, «Интер Майами» үзіліске дейін ойын тағдырын өз пайдасына шешіп үлгерді. Месси дубль авторы атанса, Теласко Сеговия мен Микаэл дос Сантос Силва да бір-бір голдан соқты. Екінші таймда «Атлетико Сан-Луис» сапынан Рафа Льоренте мергендік танытып, қорытынды есепті 4:2 етіп белгіледі.

Айта кетейік, жуырда аяқталған әлем чемпионатында Месси бастаған Аргентина құрамасы финалда Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп, күміс жүлдегер атанған еді. Турнир барысында аргентиналық жұлдыз сегіз матч өткізіп, сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.

Лионель Месси «Интер Майами» клубында 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның америкалық клубпен келісімшарты 2028 жылдың соңына дейін есептелген.

Мансаптық статистикаға көз жүгіртсек, Месси 1166 матчта 921 гол соғып, 418 нәтижелі пас берген. Ал оның басты бәсекелесі Криштиану Роналду 1330 кездесуде 976 гол соғып, 261 ассист тіркеген.

FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

06.08.26, 07:00

QFL

Орын
Команда
Ұпай
1
Ордабасы
46
2
Қайрат
45
3
Астана
35
4
Оқжетпес
33
5
Ақтөбе
31
6
Елімай
28
7
Ұлытау
27
8
Жеңіс
23
9
Қызылжар
22
10
Тобыл
22
11
Каспий Ақтау
21
12
Қайсар
20
13
Атырау
19
14
Жетісу
19
15
Ертіс
17
16
Алтай
16