Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

ҚФФ тәртіп бұзған клубтар мен футболшыларға үкім шығарды

Автор
Fonteam редактор
Автор
05.08.26, 04:18
Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және әдеп комитетінің отырысында Премьер-лиганың 19-туры аясындағы тәртіптік істерді қарап, бірнеше клубқа айыппұл салып, футболшылар мен клуб өкілдеріне жаза тағайындады.
ҚФФ тәртіп бұзған клубтар мен футболшыларға үкім шығарды
Сурет: ашық дереккөздерден

Клубтарға салынған айыппұлдар

Тәртіп бұзушылықтарға байланысты “Оқжетпес” , “Қызылжар”, “Каспий”, “Жеңіс”, “Ақтөбе” және “Ұлытау” клубтарына 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынды. Барлық қаржылық санкциялар 2026 жылғы 29 тамызға дейін төленуі тиіс.

  • “Ақтөбе” клубы жанкүйерлердің матч аяқталғаннан кейін алаңға жүгіріп шығуы және дыбыс күшейткіш құрылғыларды пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды.
  • “Ұлытау” клубы жанкүйерлердің ресми өкілдерге қатысты балағат сөздер айтуына байланысты жазаланды.

Бірнеше футболшы ойыннан шеттетілді

ҚПЛ ойындарындағы тәртіп бұзушылықтар үшін бірнеше ойыншы дисквалификация алды:

  • Александр Соколенко (“Қызылжар”) - 1 матч;
  • Исламбек Қуат (“Жеңіс”) - 2 матч;
  • Иван Шараванья (“Жеңіс”) - 2 матч;
  • Роман Мұртазаев (“Елімай”) - 2 матч.

ҚФФ Әдеп кодексіне сәйкес, беделге нұқсан келтіретін сипаттағы мәлімдемелері үшін “Жеңіс” клубының директоры Айдын Қожахметовке 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Бас бапкерге ескерту берілді

“Ұлытау” клубының бас бапкері Нұркен Мазбаев матчтан кейінгі баспасөз мәслихатына қатыспағаны үшін ресми ескерту алды. 

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)