Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Сәтпаевтың басты бәсекелесі келісімшартын 2033 жылға дейін ұзартпақ

Автор
Алихан Ибраев
Автор
01.08.26, 18:20
Лондондық «Челсидің» негізгі шабуылшысы әрі қазақстандық Дастан Сәтпаевтың құрамдағы басты бәсекелесі – Жоао Педро клубпен жаңа ұзақ мерзімді келісімшартқа отырады, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.
Сәтпаевтың басты бәсекелесі келісімшартын 2033 жылға дейін ұзартпақ
Дастан Сәтпаев. Фото: "Челси" ФК

Тараптар ауызша келісімге келді. 24 жастағы бразилиялық форвардтың жаңа келісімшарты 2033 жылдың маусымына дейін есептелген және жалақысының өсуін қарастырады.

«Челси» бұл трансферлік терезеде Педро бойынша үш бірдей еуропалық грандтың ұсынысын кері қайтарған. «Көктердің» басшылығы бразилиялықты сатуға келмейтін негізгі ойыншы санайды.

«Ақсүйектер» бұл шабуылшыны 2025 жылы «Брайтоннан» €63 млн еуроға сатып алған еді. Қазіргі таңда ол команда шабуылындағы басты таңдау болып табылады.

17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев 2026 жылдың жазында лондондық «Челсиге» ауысты.

  • Дебют және алғашқы гол: 28 шілдеде форвард аустралиялық «Вестерн Сидней Уондерерске» қарсы жолдастық кездесуде негізгі құрамда өнер көрсетіп, 6-минутта-ақ «көктер» сапындағы алғашқы голын соқты.

  • Екінші матч: Сиднейде өткен Азия-Аустралия турнесіндегі «Тоттенхэмге» қарсы екінші ойында (1:2) қазақстандық футболшы 70-минутта Эстеваоның орнына алаңға шықты.

  • Келесі матч: Маусымашар турне аясындағы үшінші кездесуін Хаби Алонсоның шәкірттері 5 тамыз күні Гонконгта туриннің «Ювентусіне» қарсы өткізеді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)