Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Бенфиканың» экс-ойыншысы Еуропада өнер көрсететін жас қазақстандық шабуылшыға тілек білдірді

Автор
Fonteam редактор
Автор
30.07.26, 12:49
«Бенфика» мен Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы Андрей Каряка ASnews.kz басылымына берген сұхбатында 16 жастағы Шыңғыс Әлікеевтің лиссабондықтардың негізгі құрамына өту мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
«Бенфиканың» экс-ойыншысы Еуропада өнер көрсететін жас қазақстандық шабуылшыға тілек білдірді
Сурет: ашық дереккөздерден

«Қарапайым нәрселерден басқа кеңес айту қиын. Ең бастысы – Шыңғысты жарақаттар айналып өтсін. Құдай қалап, елдер арасындағы шекаралар жойылып, қазақтар Еуропаның үздік 5 чемпионаттарында ойнасын», – деді 48 жастағы ресейлік маман.

Еске сала кетейік, Астана тумасы Шыңғыс Әлікеев екі жылдан бері «Бенфика» академиясында өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда вингер 19 матчта 7 гол соқты. Бұған дейін ол Португалияның өзге клубы – «Эшторилде» ойнаған.

Андрей Каряка «бүркіттер» сапын 2005-2007 жылдар аралығында қорғады. Португалия Суперкубогы иегерінің еншісінде 17 ойында үш гол бар. Қазіргі таңда ол медиа-футболдағы «СКА-Ростов» клубын басқарады.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)