БАҚ мәліметінше, жұптың некелесу туралы шешімі 2025 жылдың тамызында белгілі болған. Сол кезде Джорджина құны алты миллион еуродан асатын неке жүзігін көрсетіп, әлеуметтік желіде: «Иә, келісемін. Осы өмірде де, барлық өмірімде де», - деп жазған.
Бұған дейін Роналду үйлену тойы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін өтетінін айтқан еді. Енді шетелдік ақпарат көздерінің хабарлауынша, салтанатты рәсім футболшының туған жері - Мадейра аралында тамыз айында ұйымдастырылмақ.
Сондай-ақ БАҚ-та тараған мәліметке сәйкес, жұп үйлену тойына берілетін сыйлықтар мен ақшалай тартулардың бір бөлігін балалар ауруханаларына аударуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты Роналду үшін әлемдік додалардағы соңғы турнир болды. Португалия құрамасы 1/8 финалда Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.
Соған қарамастан, 41 жастағы шабуылшы тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол әлем чемпионаттарының алты бірдей кезеңінде гол соққан алғашқы футболшы атанды. Ал ӘЧ-2026 турнирінде үш гол соғып, Португалия құрамасының үздік сұрмергені болды.
FONBET-тің барлық жаңа қолданушыларына 50 000-ға дейін сыйлық: https://fnbt.link/8ae9e
21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.