Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Ордабасы» президенті – Шымкенттегі жаңа стадион туралы: сыйымдылығын 60 мыңға арттырғымыз келеді

«Ордабасы» клубының президенті Дархан Қызайбаев Шымкентте салынып жатқан жаңа стадионның өзгеріске ұшырайтынын жеткізді.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
«Ордабасы» президенті – Шымкенттегі жаңа стадион туралы: сыйымдылығын 60 мыңға арттырғымыз келеді
Фото: ашық дереккөзден
«Жаңа стадионды өзіміз салғымыз келеді. Оның қазіргі сыйымдылығы 35 мың, ал біз 60 мыңға ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Себебі 55 мыңдық стадион Ташкентте де, Бішкекте де бар. Орталық Азиядағы экономикасы дамыған ел біз болғандықтан, үлкен стадион керек.
Қазір әкімдікпен, стадионның қазіргі мердігері Qazaq Stroy компаниясымен үш жақты келіссөз жүргізудеміз. Болашақта стадионды әкімдік пен біздің Integra компаниясы салады деген ойымыз бар. Келіссөздер аяқталса, бірден стадион құрылысын бастаймыз. Қанша қаражат кететіні әзірге белгісіз. Алдымен стадионның жобасын өзгертуіміз керек. Құрылыс жұмыстары әкімдік қаржысымен басталады, жетпегенін өзіміз қосамыз», – деді Қызайбаев Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында.

Сондай-ақ Дархан мырза стадионмен бірге академия құрылысын бастайтынын да мәлімдеді:

«Оған қоса, 1000 адамға арналған академия салу жоспарда бар. Бірақ қай клубтың үлгісіне сүйенуді ойланудамыз. Қазір «Реал» президенті Флорентино Переске хат жолдап қойдық және «Барселона» академиясымен де келіссөз жүргізудеміз. Бұйырса, «Реал», «Барселона» немесе ПСЖ академиясын Шымкентке әкелуіміз мүмкін.
Англия мен Германиядағы футболшылардың бойлары ұзын, физикасы мықты болады. Ал бізге Испания мен Португалияның стилі сай келеді».

Қазір Шымкенттегі жаңа стадионның құрылысымен Qazaq Stroy компаниясы айналысуда. «Ордабасының» жаңа қожайыны Шахмұрат Мүтәліп иелік ететін Integra Construction да құрылыспен айналысатын компания болып саналады.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz