Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

Месси әлем чемпионатының финалы алдында маңызды мәлімдеме жасады

Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси Испанияға қарсы өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына бірнеше сағат қалғанда әлеуметтік желіде командасы мен жанкүйерлеріне арнап әсерлі жазба жариялады.

Fonteam редактор
Автор ·
2 минут оқу
Месси әлем чемпионатының финалы алдында маңызды мәлімдеме жасады
Лионель Месси. Сурет: Getty Images

«Осы жылдар ішінде мен үшін ең қымбат дүние – жеңіп алған жүлделер ғана емес, бәріміз бірге жүріп өткен жол болды. Әрбір жаттығу, әрбір ойын, қиын сәттер мен қуанышты күндер осы ұжымды бүгінгідей біртұтас отбасыға айналдырды. Әріптестеріме, бапкерлер штабына және ұлттық құраманың табысы үшін күн сайын еңбек етіп жүрген жандардың бәріне алғысымды білдіремін. Ертеңгі матч қалай аяқталса да, бұл команда өз есімін тарихқа алтын әріппен жазып үлгерді. Мұны ешкім бізден тартып ала алмайды. Алға, Аргентина!» – деп жазды Месси Instagram парақшасында.

20 шілдеге қараған түні Нью-Йоркте Аргентина мен Испания 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында кездеседі. Матч Астана уақытымен 00:00-де басталады.

Финалға дейін Аргентина құрамасы Кабо-Вердені (3:2), Мысырды (3:2), Швейцарияны (3:1) және Англияны (2:1) жеңіп шықты. Ал Испания Аустрияны (3:0), Португалияны (1:0), Бельгияны (2:1) және Францияны (2:0) ұтып, шешуші кездесуге жолдама алды.

Бұған дейін Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони финал алдында футболшыларын сабыр сақтауға шақырып, бұл кездесуді ерекше қысым емес, кезекті ойын ретінде қабылдау керектігін айтқан еді

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz