Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

ПСЖ-ның бұрынғы ойыншысы Қазақстандағы академия туралы: бұл – керемет идея

ПСЖ мен Кот-д’Ивуар құрамасының экс-шабуылшысы Франк Джа Джедже ASnews.kz сайтына берген сұхбатында париждік клуб академиясының Қазақстанда ашылу ықтималдығына қатысты пікір білдірді.

Fonteam редактор
Автор ·
1 минут оқу
ПСЖ-ның бұрынғы ойыншысы Қазақстандағы академия туралы: бұл – керемет идея
Сурет: ашық дереккөздерден

«Академияның ашылуы – ПСЖ үшін де, қазақстандықтар үшін де керемет идея, себебі осылайша олар көзге түседі. Өкінішке қарай, Ресей мен Шығыс Еуропа елдерін есептемегенде, ҚПЛ Еуропада аса танымал емес. Меніңше, бұл өте жақсы жаңалық», – деді 40 жастағы африкалық футболшы.

Еске сала кетейік, жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, ПСЖ Астанада өз академиясының негізін қалау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Өткен жылы елде әлемге әйгілі «Атлетико» клубының орталығы ашылған болатын.

Франк Джа Джедже француздық ұжым сапында 2003–2007 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Сонымен қатар ол қазақстандық «Ертіс» пен «Қайсар» клубтарында да ойнап, жеті гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz