Мақалалар
Fonbet
KZ RU
Платформа қалай жұмыс істейді

Резиденттер матчтарға болжам жасайды, жүйе нәтиже шыққанда болжамды өзі есептейді. Ұпай мен пайда резиденттің бетінде жиналады.

Лентада кез келген қатысушы жаза алады, «@» арқылы резидентті белгілеуге болады.

Резиденттер рейтингі Болжамдар лентасы

Жақын матчтар

«Монаконың» экс-ойыншысы «Оқжетпестің» қақпашысы туралы: ҚПЛ-дағы үздіктердің бірі екеніне сенімдімін

«Монако» мен Франция жастар құрамасының бұрынғы шабуылшысы Йоан Молло ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Оқжетпес» қақпашысы Мирослав Лобанцевтің қабілетіне баға берді.

Fonteam редактор
Автор ·
1 минут оқу
«Монаконың» экс-ойыншысы «Оқжетпестің» қақпашысы туралы: ҚПЛ-дағы үздіктердің бірі екеніне сенімдімін
Коллаж

«Мирославты Ресейдегі бірге ойнаған кезеңнен білемін. Ол – өте байсалды, өз ісінің нағыз шебері. Оның ҚПЛ-дағы ең үздік қақпашылардың бірі деп лайықты түрде аталып жүргеніне сенімдімін», – деді Молло.

Еске сала кетейік, ресейлік Мирослав Лобанцев «Крылья Советов» клубында Йоан Моллоның командаласы болған. «Оқжетпестің» қазіргі қақпашысы РПЛ-да төрт кездесу өткізіп, оның екеуінде қақпасын құрғақ сақтаған.

Биылғы маусымда 31 жастағы футболшы 18 матчқа қатысып, өз қақпасына 27 доп жіберіп алды.

Ал француздық Йоан Молло мансабында «Фулхэм», «Сент-Этьен» және «Зенит» сияқты белгілі клубтарда өнер көрсеткен. Бүгінгі таңда ол балалар бапкері және телеарнада сарапшы болып қызмет етеді.

21+, «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ 31.08.2021 жылы берген № 21025302 лицензиясы негізінде әрекет етеді.

Пікірлер (0)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 03.03.2025 ж. № KZ93VPY00113785 тіркеу куәлігін берді.

© 2026 «Fonteam» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтары қорғалған. Кез келген материалды көшіріп жариялау кезде Fonteam.kz сайтына тікелей сілтеме жасалуы тиіс.

21+. Fonbet — «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС, 31.08.2021 ж. берілген № 21025302 лицензия. Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қ.ә., Щучинск қ., Санаторий Светлый көшесі, 11-үй. Сайт: fonbet.kz